5 қазан - Ұстаздар күніне орай бүгін Естай атындағы ҚМС-нда облыс «Ұлағат-2024» іс-шарасында бастауыш сынып мұғалімі Жомартова Камал Сатыбалдиновна «Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Құттықтаймыз!💐
2 қазан - Халықаралық әлеуметтік педагогтер күніне орай «Ертіс» телеарнасының «Жаңа күн» бағдарламасына мектебіміздің әлеуметтік педагогі Искакова Инара Амантаевна спикер ретінде қатысып, әлеуметтік педагогтің жұмысы туралы сұхбат берді.
Бүгін оқушыларымыз «Оқуға құштар» мектеп бағдарламасы аясында С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың «Оқырман» кітап клубының отырысына қатысып, М. Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романы бойынша ой бөлісіп қайтты.
Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығарылуының 36 жылдығына арналған қалалық «Ауған ардагерлерінің кубогы» жарысында денені жатып көтеруде біздің мектептің командасы 3-орынға ие болды. Команданы додаға дайындағаны үшін АӘДТ оқытушысы М.С. Аубакиров марапатталды.
«Үздік сынып жетекші-2024» республикалық байқауының қалалық кезеңіне қатысқан мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Шакиева Алмагуль Бахытбековна «Заманауи сынып жетекші» номинациясына ие болды. Құттықтаймыз! 💐
Бүгін Оңтүстік полиция бөлімінің лейтенанты Н.Д. Ермухамбетов, полиция капитаны К.А.Кенжебаев 9 сынып оқушыларына мектепке әкелуге тыйым салынған және пайдалануға болмайтын заттар туралы ақпарат берілді.Сонымен кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына, егерде ондай жағдай орын алса, заңды өкілдері әкімшілік айыппұл салынатыны жайлы айтылды.