26.09.2024 ж 7 “Г” сыныбында “Еңбек түбі-береке” және “От- адамның досы, от- адамның жауы” атты сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатында “Еңбек түбі-береке” тақырыбы бойынша мақал-мәтелдер айтып, олардың тәрбиелік мәнін ашып, талдады. “От-адамның досы, от- адамның жауы” тақырыбында өрт қауіпсіздігі және оттың пайдасы мен зияны жайлы айтылды.
2-7 сынып оқушыларының «Зерде» республикалық зерттеу жұмыстары конкурсының қалалық кезеңіне мектебіміздің 30 оқушысы қатысып, 29 оқушы жүлделі орынға ие болды. Жалпы командалық нәтиже бойынша І дәрежелі «Ең үздік қалалық команда» дипломымен марапатталды. Құттықтаймыз!💐
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясындағы қауіпсіздік, заң және тәртіпті сақтау мақсатында «Жасөспірім» науқаны бойынша бірыңғай құқықтық білім күні өтті.
2024 жылдың 16 қыркүйек күні 6 “А” сынып оқушылары «Біз әлемді тазалаймыз» дүниежүзілік экологиялық акциясына белсене қатысты. Аталмыш акция мақсаты - оқушыларды табиғатты аялауға тәрбиелеу, оны таза ұстауға баулу. Сынып жетекшісі: Каппаева Б.А.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясындағы қауіпсіздік, заң және тәртіпті сақтау мақсатында Оңтүстік полиция бөлімінің лейтенанты Н.Д. Ермухамбетов 5-6 сынып оқушыларына профилактикалық әңгіме жүргізді.
Биылғы оқу жылында мектебіздегі барлық 1196 оқушы толықтай оқулықпен қамтамасыз етілді. Оның ішінде 1-сыныптар 155 оқушы, толықтай оқулықпен және жазу дәптерлерімен қамтылды. 3-сыныптарға еңбекке баулу,бейнелеу өнері, орыс тілі, ағылшын тілі оқулықтары Е-Таңдау платформасында пән мұғалімдерінің қалауымен таңдалып, толықтай осы пәндер жаңа бағдарламада ауыстырылды.Сондай-ақ 7-сыныптарға қазақ тілі оқулығы, 8-сыныптарға дүниежүзі тарихы, 9-сыныптарға Қазақстан тарихы және география оқулықтары жаңа бағдарламада ауыстырылып, таратылды.