Павлодар қаласы жалпы білім беретін мектептердің дарынды оқушыларын қолдау және марапаттау мақсатында 2024 жылғы 12 маусымда Ertis Promenade сахнасында Павлодар қаласы әкімдігінің зияткерлік конкурстар мен олимпиадаларда жоғары жетістіктерін көрсеткен оқушыларды салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Мектеп жанындағы « Балауса» лагерінің оқушылары «Жазғы POV-2024» қалалық жазғы жобасының « Павлодар дауысы» қалалық вокалдық конкурсына қатысып 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.