Павлодар облысының мектеп оқушыларына арналған облыстық көптілділік олимпиадасында 9-Б сынып оқушысы Кендібай Жаннұр жүлделі 2- орынға ие болды. Талапты оқушымыз Жаннұрды және оның жетекшілерін қол жеткізген табыстарымен құттықтаймыз.
«Мәңгілік естелік» ардагерлер ұжымының қалалық байқауына мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері К.К. Жаркина, М.А.Махмутова қатысып, «Лауреат» номинациясына ие болды. Құттықтаймыз!💐
«Қаныш және музыка» атты аймақтық ән байқауында мектебіміздің музыка мұғалімі Жасқайратұлы Тәттімбет «Жестаңдай әнші» номинациясымен марапатталды. Құттықтаймыз!💐
Павлодар облысы білім беру басқармасының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА “Ұлттық интеграциялаған бағалау жүйесінің тұжырымдамалық негіздері” ғылыми-техникалық бағдарлама аясында 10.10. 2024 жылы Әлихан Бөкейхан атындағы мектеп-лицейінде 5 “А”сыныбында “Ананың жүрегі” тақырыбы бойынша орыс тілі мұғалімі К.Ф. Касимова ашық сабақ өткізді.